Сайт портфолио - Негізгі бет
Дүйсенбі, 05.12.2016, 10:26
Қош келдіңіз Гость | Тіркелу | Шығу

Ожарова Р.Ө.

Сіздер үшін
Сайтқа кіру
Жылдам табу
ПАЙДАЛЫ
  • Сайт құру
  • Ел жаңалықтары
  • АФИША
  • СПРАВОЧНИК
  • Ақшаның курсы
  • Түрлі программалар
  • Көңіл көтеру әлемі
  • Дәмді тағамдар
  • Статистика

    Сайтта барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Сайт қолданушылар: 0
    ПАЙДАЛЫ
    GISMETEO: Погода по г.Алматы



    Web100.kz - Персональные сайты и блоги

    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Негізгі бет



    Қош келдіңіз, құрметті сайт оқырманы!

     

    Бұл сайт мұғалімнің портфолиосын қалай құру керектігі жайлы сұрақтарға жауап беруге және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бір-бірімен өзара байланысын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

    Бұл сайтта сіздер мұғалім портфолиосының құрылысын, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғаліміне қажетті материалдарды және сабаққа қажетті көмекші құралдырды оқи отырып, оларды өзіңіздің компьютеріңізге тегін көшіріп алуыңызға болады.

    Әр мұғалім білім беру жұмысымен қатар өз тәжірибесімен басқа мұғалімдермен бөліскені өте тиімді. Бұл мақсатта көптеген мұғалімдер өз мақалаларын, сабақ жоспарларын газет немесе журналдарға басып шығарады. Сол мақсатта сіз осы сайтты пайдалануыңызға болады.

                Егер де сіз өз материалыңызды осы сайт оқырмандарына көрсеткіңіз келсе 0123-81@mail.ru адресіне хат жазып материалыңызды, толық аты-жөніңізді жазып жіберсеңіз, біз сол материалды әшекейлеп жариялаймыз. Материал сіздікі болғандықтан автор ретінде сіздің аты-жөніңіз беріледі. Сондықтан материал жібермес бұрын осы сайтқа тіркелу керек. Ол үшін ТІРКЕЛУ тетікшесін басып барлық жолдарды толтыру керек.

    Бірнеше материал салып, сол материалдар оқырмандармен жақсы қабылданса, сізге Сенімді атағы беріледі. Бұл атаққа ие болған адамдар өз материалдарын тексерусіз өздері сала береді.

    Сол сияқты, сіздер Фотоальбом бөлімінде өздеріңіздің суреттеріңізді орналастыруларыңызға болады.

    Сайтта орналастырған материалдырдың атауы, қысқаша мәліметі және әр материалдың көлемі кішірейтілген нұсқасы берліген.

    Материалдар көлемі сайтқа орналастыруға жарамағандықтан олардың негізгі түрі қазақстандық файл алмастыру орындарында сақталады. Ұнаған материалды көшіріп алу үшін әр материалдың астындағы кеңесті орындасаңыз болды. Материалдарды көшіріп алу Мегалайн қолданушыларына түгелдей тегін, себебі олар қазақстандық серверде сақталады.

    Сайт жаңа болғандықтан кішігірім қателіктер болуы мүмкін, мүмкіндігінше сайт құрылымындағы және мазмұнындағы қателіктерді түзеуге тырысамыз.

    Сұрақтарыңыз болса «Тілектер мен ұсыныстар» бөлімінде жазуға болады. Өз адресіңізді көрсеткен болсаңыз, сұрағыңыздың жауабын сонда жібереміз. Болмаса осы сайтқа қайтып келгенде оқуға болады.

    Біздің сайт сіздерге ұнап, пайдасы тиер деген үміттеміз!

     

    Сайт әкімшілігі.