Педагог портфолиосы туралы - Құжаттар - Іс-тәжірибе алмасу - Сайт портфолио
Дүйсенбі, 05.12.2016, 10:27
Қош келдіңіз Гость | Тіркелу | Шығу

Ожарова Р.У.

Сіздер үшін
Сайтқа кіру
Бөлімдер
Ашық сабақтар [2]
Сыныптан тыс іс-шаралар [5]
Көрнекі құралдар [25]
Білім деңгейін тексеру құралдары [0]
Компьютер арқылы жұмыс істеуге арналған программалар [1]
Аудио, видео - сабақтар [0]
Презентациялар [0]
Буклеттер [16]
Сынып сағаттары [3]
Құжаттар [6]
Әр түрлі пайдалы құралдар [0]
Жылдам табу
ПАЙДАЛЫ
  • Сайт құру
  • Ел жаңалықтары
  • АФИША
  • СПРАВОЧНИК
  • Ақшаның курсы
  • Түрлі программалар
  • Көңіл көтеру әлемі
  • Дәмді тағамдар
  • Статистика

    Сайтта барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Сайт қолданушылар: 0
    ПАЙДАЛЫ
    GISMETEO: Погода по г.Алматы



    Web100.kz - Персональные сайты и блоги

    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Іс-тәжірибе алмасу

    Негізгі бет » Файлдар » Құжаттар

    Педагог портфолиосы туралы
    14.09.2010, 14:25

    Педагог портфолиосы туралы

         Портфолио-бұл білім беру мекемесінің ақпараттық кеңістікте компьютерді пайдалану арқылы мұғалімнің жұмыс орнының ұйымдастырылуы. Білім беру мекемесінің ақпараттық кеңістігін құру қазіргі таңда басты міндет болып табылады және осы арқылы ақпараттық технологияларды білім берудің барлық сатыларында енгізуді анықтайды. Мектеп өзінің ақпараттандыру және ақпараттық кеңістігінің аймақтық ақпараттық кеңістікте жеке моделін құруы керек, яғни ақпараттық мәдениет пен ақпараттық технологияны меңгерген ұжым болуы қажет.

        Білім беру мекемесінің ақпараттық кеңістігі деректер мен мәліметтер базасының жиынтығы болып табылады. «Портфолио» термині-педагогика саласына саясат пен бизнестен келген сөз.Портфолио оқушының оқу-танымдық іс-әрекет өнімдерімен жұмыс жасау технологиясын, формасын, ұйымдастыру үрдісін қарастырады және талдауға, өзінің іс-әрекеттер нәтижелеріне баға беруге, жеке субъективтік позициясын саналы түсінуге арналған.

        Мұғалім портфолиосы жеке кәсіби жетістіктерін, оқушыларды оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы нәтижелерін, мұғалімнің білім беру саласына қосқан үлестерін біріктіретін жеке папкасы болып табылады.

        Портфолио мұғалімге тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін көрсетуге, өзінің кәсіби құзырлығын бағалауға және өз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.

        Портфолио-бұл пәннің мұғалімнің өздігінен білім көтеруде жинақталған құжаттары және оны өзінің кәсіби іс-әрекет нәтижелеріне баға беруі мен саналы түрде ұғынуында пайдалануы.

    Мұғалім портфолиосы

        Портфолио-мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсібиқызметінің әртүрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.

        Портфолио-белгілі бір уақыт шеңберінде әртүрлі іс-әрекетте мұғалімнің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және өзіндік іріктеулері.

        Портфолио-мұғалімнің түрлі іс-әрекеттерде (оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерінің нәтижелері.

        Портфолио-мұғалімнің жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.

    Толығырақ жүктеменің ішінде

    Өз компьтеріңізге көшіріп алу үшін келесі тетікшені басыңыз

    Ашылған жаңа бетте, көрсетілген сандарды жазып, келесі ашылған бетте

    скачать (до 8Мбит/с) деген тетікшені басыңыз.

    Материал http://www.shkola18-balkhash.kz сайтынан алынды

    Категориясы: Құжаттар | Қосқан: Asem
    Оқылым: 23735 | Көшірілім: 0 | Рейтинг: 0.0/0
    Оқырман ойының саны: 0
    Өз ойларын тек тіркелген қолданушылар ғана жаза алады.
    [ Тіркелу | Шығу ]