
Сабақтың тақырыбы:
Тіл дамыту
/Дауысты дыбыстарды қайталау/
Сабақтың мақсаты:
дауысты дыбыс түрлерін ажырата отырып, алған
білімдерін қолдана білуге, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыруға жағдай
жасау.
Міндеттері:
Дамытушылық: талдау жұмыстары арқылы дауысты
дыбыстардың түрлерін ажырата алуына, тыңдай білу
және оймен бөлісу әрекеттерін ұштауға, тілін дамытуға мүмкіндік туғызу;
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,
зеректілікке, атқаратын
жұмысына жауапкершілікпен қарауға, сауаттылыққа
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау
технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: Концептуалды карта,
топтастыру, ойын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру, сыныпты екі
топқа бөлу.
1. Қызығушылықты ояту.
Бір шумақ ән орындалады.
Сұрақ: Әннің ән болуына не себеп?
2. Мағынаны ашу.
1-ші топқа дауысты дыбыстарға топтастыру жасату.
2-ші топқа концептуалды картаны толтырту.
Оқулықпен жұмыс:
256-жаттығу. * Мәтінді
оқу,
* Құрғақ білім, нағыз
білім, білім-байлық, білім-серігің, өмірлік жолдасың, білім нұрланып тұруы тиіс деген тіркестердің
мағынасын ашып түсіндіру.
* Мәтіннен еріндік дауыстылар
мен езулік
дауыстылардан басталып
тұрған сөздерді теріп жазу.
* Ой-арман, талап-тілек сөздеріндегі
дауысты дыбыстарға сатылай комплексті талдау жасау.
257-жаттығу. Қай жағынан оқысаңдар да белгілі бір мағынаны
білдіретін он
- он бес сөз теріп жазу.
258-жаттығу. Сөздің басы мен соңы бірдей дауысты болып келетін
он сөз тауып
жазу.
«Қатені тап» ойыны.
Берілген мәтіннің қатесін тауып түзету керек.
3. Ой толғаныс:
Бізге бүгінгі сабақ не берді?
Нені үйрендік? Сауаттылық бізге не үшін керек деген ойды қорытындылай келе әркім
өзінің ойын жазу.
4. Үйге тапсырма:
Оқу-білімге байланысты бір мақалға ребус құрастырып келу.
Өз компьютеріңізге көшіріп алу үшін келесі тетікшені
басыңыз 
Ашылған жаңа бетте, көрсетілген сандарды жазып, келесі ашылған бетте
скачать (до 8Мбит/с) деген тетікшені басыңыз.
|