Әл-Фараби арманы - Сыныптан тыс іс-шаралар - Іс-тәжірибе алмасу - Сайт портфолио
Сәрсенбі, 07.12.2016, 14:37
Қош келдіңіз Гость | Тіркелу | Шығу

Ожарова Р.У.

Сіздер үшін
Сайтқа кіру
Бөлімдер
Ашық сабақтар [2]
Сыныптан тыс іс-шаралар [5]
Көрнекі құралдар [25]
Білім деңгейін тексеру құралдары [0]
Компьютер арқылы жұмыс істеуге арналған программалар [1]
Аудио, видео - сабақтар [0]
Презентациялар [0]
Буклеттер [16]
Сынып сағаттары [3]
Құжаттар [6]
Әр түрлі пайдалы құралдар [0]
Жылдам табу
ПАЙДАЛЫ
  • Сайт құру
  • Ел жаңалықтары
  • АФИША
  • СПРАВОЧНИК
  • Ақшаның курсы
  • Түрлі программалар
  • Көңіл көтеру әлемі
  • Дәмді тағамдар
  • Статистика

    Сайтта барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Сайт қолданушылар: 0
    ПАЙДАЛЫ
    GISMETEO: Погода по г.Алматы



    Web100.kz - Персональные сайты и блоги

    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Іс-тәжірибе алмасу

    Негізгі бет » Файлдар » Сыныптан тыс іс-шаралар

    Әл-Фараби арманы
    29.03.2010, 12:25

    Мақсаты: Халқымыздың ұлттық қасиеті мен адамгершілігі, азаматтылығы мен ақыл-ой парасаты, имандылығынан терең мағлұмат беріп, жас ұрпақты ізгілікке баулу.

             Оқушының шығармашылық белсенділігін басшылыққа ала отырып, өзіндік ізденуі мен танымдық білімін дамыту.

             Шығыстың Екінші Аристотелі атанған ұлы ғалымның өмірі мен шығармашылығын оқып үйрену арқылы бала бойында ғылымға қызығушылық, еңбексүйгіштік, адалдық, ата-дәстүріне құрмет сезімдерін ояту.

     

    Көрнекілігі: Ұлттық қолөнер бұйымдарымен безендірілген киіз үйдің үлгісі.       

    Оқушылар жасаған плакат, ғылым шығармаларының жинақтары.

             Араб тіліндегі төте жазу мен қазақ тіліндегі шығарылған газеттер.

             Әбу Насір әл-Фараби суреті. М. Шахановтың суреті.

     

    «Фараби сазы» күйі.

     

    1-жүргізуші: Тыңда мені ХХІ ғасыр перзенті. Біз қазір осыдан 10-11 ғасыр бұрын біздің туған топырағымызда дүниеге келген, жер жүзі мәдениетінің Шолпан жұлдызы іспеттес, ұлы ғалым, энциклопедист, данышпан философ, әдебиетші – ақын, математик, медицина, астрология, логика, тіл білімі ғылымдары бойынша көптеген құнды ғылыми еңбектер қалдырған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың рухына бағыштап, әруағына бас иіп, оның ерлікке толы ғұмырының қойнауына көз жібереміз.

     

    2-жүргізуші: Әбу Насыр әл-Фараби әлемге әйгілі ғалым болған. Ол 870-950 жылдары өмір сүрген. Ежелгі Фараб қаласында туып - өскендіктен, араб елдерінде оын Фараби атап кеткен. Оның толық аты жөні Әбу Насыр Мухаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат Түрки.

             Әл Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды. Өйткені, көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуреннахрда балаларды түрлі қолөнер мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың бес жасар кезінен бсталатын болған.

     

    1-жүргізуші: Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Насырды ата-анасы таяу және орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбу Насыр Бағдатқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқан, Бұқара шаһарларына соғып, білімін молықтырған секілді.

             Әл-Фараби жиһанкездікті ұнатқан. Арада біраз жылдар салып, Бағдаттан Шамға келеді, бірақ мұнда ұзақ аялдамастан, Мысырға сапар шегеді.

     

    2-жүргізуші: Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Оның «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Реторикасын» екі жүз рет оқып шыққан сияқты.

     

    1-жүргізуші: Оның фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғалымдарының әсіресе, Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Әбу Насыр Аристотельдің «Категория», «Бірінші және екінші Аналитика» сияқты фәлсафалық және логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.

              Әбу Насыр әл- Фараби көзінің тірісінде-ақ ”Шығыстың Аристотелі" аталған. Сонымен бірге ол атақты философ, математик және музыкант болған. Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, араб, түрік, парсы, еврей және грек тілдерін жетік білген. Ол 200-ге жуық ғылыми кітаптар жазған. Солардың 117-сінің аттары белгілі ( мысалы ”Кемеңгер меруерті",”Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", ”Мәселердің түп мазмұны", ”Ғылымдардың шығуы", ”Батысқа жету" сияқты т.б.көптеген трактаттар), ал әзірге табылған 36 кітап әр елдің кітапханаларында сақтаулы.

     

    Бірнеше оқушылар М.Шахановтың «Арман» атты өлең шумақтарын оқиды.


    (материал көлемі үлкен болғандықтан, түгелдей көрсете алмадық. Толық нұсқасын өзіңізге көшіріп алып танысуыңызға болады)


    Өз компьютеріңізге көшіріп алу үшін келесі тетікшені басыңыз

    Ашылған жаңа бетте, көрсетілген сандарды жазып, келесі ашылған бетте

    скачать (до 8Мбит/с) деген тетікшені басыңыз.

    Категориясы: Сыныптан тыс іс-шаралар | Қосқан: Роза
    Оқылым: 4426 | Көшірілім: 2 | Рейтинг: 5.0/1
    Оқырман ойының саны: 0
    Өз ойларын тек тіркелген қолданушылар ғана жаза алады.
    [ Тіркелу | Шығу ]