Ер есімі ел есінде - Сыныптан тыс іс-шаралар - Іс-тәжірибе алмасу - Сайт портфолио
Сәрсенбі, 07.12.2016, 14:33
Қош келдіңіз Гость | Тіркелу | Шығу

Ожарова Р.У.

Сіздер үшін
Сайтқа кіру
Бөлімдер
Ашық сабақтар [2]
Сыныптан тыс іс-шаралар [5]
Көрнекі құралдар [25]
Білім деңгейін тексеру құралдары [0]
Компьютер арқылы жұмыс істеуге арналған программалар [1]
Аудио, видео - сабақтар [0]
Презентациялар [0]
Буклеттер [16]
Сынып сағаттары [3]
Құжаттар [6]
Әр түрлі пайдалы құралдар [0]
Жылдам табу
ПАЙДАЛЫ
  • Сайт құру
  • Ел жаңалықтары
  • АФИША
  • СПРАВОЧНИК
  • Ақшаның курсы
  • Түрлі программалар
  • Көңіл көтеру әлемі
  • Дәмді тағамдар
  • Статистика

    Сайтта барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Сайт қолданушылар: 0
    ПАЙДАЛЫ
    GISMETEO: Погода по г.Алматы



    Web100.kz - Персональные сайты и блоги

    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Іс-тәжірибе алмасу

    Негізгі бет » Файлдар » Сыныптан тыс іс-шаралар

    Ер есімі ел есінде
    29.03.2010, 13:33

    Ер есімі ел есінде

     

    1.Ә. Сәрсенбаев

    «Сен құрметте оны»

     

    2.1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді.

     

    3.          Бұлт түнеріп аспаннан,

                 Талай көзден жас тамған.

                 Тұтқиылдан жау келіп,

                  Қырғын соғыс басталған.

     

    4. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 миллион 196 мың 164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

     

    5.            Отан ана жылағанда шерленіп,

                   Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

                   «Қара бұлтты қақ жарайық !»-деді де,

                   Қолдарына қару алды ерленіп.

     

    6.Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды. Солардың арасында Бауыржан Момышұлы, Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк те бар.

     

    7. Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің аз ғана өмірінде адам таң қалатындай ұқсастықтар көп екен. Атап айтсақ, екеуі де анадан жетім қалған, екеуі де соғысқа сұранып барған, екеуі де батыр.

     

    8. 1943 жыл. Жау әскері Невель қаласынан шабуылға шықты. Бірақ өжет қыз «Максим »пулеметімен жау аяғын ілгері бастырмады. Ызаланған жау Мәншүкті зеңбірекпен атқылады. Дәл жанында жарылған снарядтың сынығы батыр қыздың желкесіне қадалды. Осыны пайдаланып, жау әскерлері тағы ілгерілей бастады. Мұны көргенде Мәншүк те ызалана түсті. Самайынан көзіне құйылған жылы қанға қарамай, майдандас серігі «Максимге» қайта ұмтылды. Бар күшін жиып, жауды жалын шашқан оқпен қарсы алды. Осы айқаста Мәншүк Отаны, елі үшін асқан батырлық үстінде қаза тапты. Мәншүк Мәметованың ерлігін үкімет аса жоғары бағалап, оған батыр атағы берілді.

        

    9. Псков облысындағы Невель қаласының тұрғындары оыің есімін мәңгі есте сақтау үшін қаладағы бір көшеге Мәншүктің атын қойды.

                   Жау еңсесін жаншып төмен,

                   Қуған оның жатыр ізі.

                   Есіңде ме Мәншүк деген,

                   Қазақтың жас батыр қызы?-деп, невельдіктер оны әрдайым құрметпен еске алады.

     

    10. Т. Молдағалиев

                   Қош айтып оқу-ойынға,

                   Әжесін тастап қария.

                   Қол бұлғап туған Отанға,

                   Майданға кетті Әлия.

                   Өлімге басын байлаған,

                   Он сегіз жасар жас бала.

                    Қырғынға кірді қайнаған,

                    Тар окоп болып баспана.

                    Қатер боп қауіп қысқанда,

                    Жасыған емес қиыннан.

                    Жасын боп тиді дұшпанға,

                     Қыран боп шүйді қиырдан.

     

    11. Қазақтың жауынгер батыр қызы Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Әлия 15 жаста еді. 1942 жылы өз еркімен снайпер мектебіне оқуға түсіп, оны өте  жақсы бітіріп шықты.

                        

    12. 1943 жылы шілдеде Әлия Солтүстік Батыс майданға жіберіледі. Әлияға 22-армияның 97-корпусына қарасты 54-ерекше атқыштар бригадасына жолдама береді. Сөйтіп Әлияның арманы орындалады. Әлияның қайсарлығы бүкіл соғыс алабына аңыз болып тарады.

     

    13. Әлия 1944 жылы 17 қаңтарда 19 жасында Казачиха станциясын азат етуде мерт болып, мәңгілікке көз жұмды.

     

    Т.Молдағалиев

    Он тоғыз жасар жас батыр,

    Оқ тиіп кенет құлады.

    Тарылып Ойыл тап-тақыр,

    Ауылда әже жылады.

    Аңызбоп бірақ келеді,

    Батырдың айдын атағы

    Аялап Ойыл өзені,

    Сүйеді оны Отаны.

     

                Әлия осы жерге жерленді. Жерленген жерінде батырға ескерткіш қойылды. Бауыржан Момышұлының «Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың» деген сөзінің дәлеліндей, Әлия Отаны үшін өмірін қиды.

     

    14.     Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,

                Дүниеге ерлігімен танылған,

                Кең жауырынды, Талғардай тік иықты.

                Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

                Қалтыраған атынан жау ордасы,

                Панфиловтың жорықтағы жолдасы,

                Даңқ туын майдандағы көтерген

                Гвардия бөлімінің қолбасы.

     

    15. Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизияны басқарды.

     

    16. Мазасыз сол күндерде Бауыржан Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып көрсеткен ерліктері аз емес. 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді. Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған.

     

    17. Әрқашан әділдік жеңеді. Соғысты бастаған фашистер 1945 жылы  9мамырда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшілік орнады.

     

    18. Жеңіс келді қалама

    Жеңіс келді далама

    Жеңіс келді әке боп

    Елдегі бар балаға

    Жеңіс келді ән болып

    Келді ауылға сән, көрік

    Жеңіс келді алақай,

    Тоя жейтін нан болып.

     

    19. Айтып болды дүние талай әнді,

    Аспан жүзін таң алды арай алды.

    Жетсек деген арманға жетті-дағы,

    Жеңіс деген бір сөзден ел оянды.

     

    20. Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді

    Қала көрді, қиындық ауыл көрді

    Жеңіс! Жеңіс! Әке мен оның ұлын,

    Кездестірмей қойғаның ауыр болды.

     

    21. Бақ іздеп алға қарай жүгірсең де,

    Кітаптың беттеріне үңілсең де,

    Бұл мектеп Жеңіс деген ұлы мектеп,

    Құрметте осы күнді, ұлан Сен де.

     

    22. Шатырлап тына қалған жасын көктен,

    Жайнаған, жадыраған жасыл көктем.

    Осы күн келгенде алғаш жерімізге,

    Ұлы Отан қуаныштан жасын төккен.

     

    23. Саған құрмет – бейбітшілік сақшысы.

    Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы.

    Саған миллион жүректердің салюті.

    Саған сөздің шұрайлысы, жақсысы.


    Өз компьютеріңізге көшіріп алу үшін келесі тетікшені басыңыз

    Ашылған жаңа бетте, көрсетілген сандарды жазып, келесі ашылған бетте

    скачать (до 8Мбит/с) деген тетікшені басыңыз.

    Категориясы: Сыныптан тыс іс-шаралар | Қосқан: Asem
    Оқылым: 13262 | Көшірілім: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Оқырман ойының саны: 0
    Өз ойларын тек тіркелген қолданушылар ғана жаза алады.
    [ Тіркелу | Шығу ]