|
Сынып жетекшісінің тәрбие
жұмысы оның шәкірттерінің бойында жалпы-адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға
негізделеді. Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды:
Адам-адамгершілік тәрбиесі
Отбасы-баланың бірінші ұжымы, оның тіршілік
ортасының табиғилығы, сондықтан қалыпты отбасының пайда болу қажеттілігін
тәрбиелеу қажет.
Еңбек-шығармашылық пен даму қажеттілігіне
тәрбиелеу
Білім-шындықты және адам тұлғасын дамыту
тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігіне тәрбилеу
Мәдениет-мәдениетке қатыстыру, руханилылықты,
адамгершілікті және интеллектуалдықты үнемі іздестіру қажеттілігін тәрбиелеу.
Отан-өз халқының тарихын құрметтеуді
тәрбиелеу
Жер-планетарлық ойлауды игеру, әлемнің
біртұтас бейнесін жасау, жалпы адамзаттық проблемаларға қалыпты қатынас
қалыптастыру
Әлем-тіл табыса білу мен азаматтық бейбіт
қарым-қатынасының хал-ахуалын жасау.
Сынып жетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп
қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби
икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және
достастық хал-ахуалын тудыру білуі керек.
Сынып жетекшісінің негізгі
қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге,
тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы,
патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін,
ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке
дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.
Өз компьтеріңізге көшіріп алу үшін келесі тетікшені
басыңыз 
Ашылған жаңа бетте, көрсетілген сандарды жазып, келесі ашылған бетте скачать (до 8Мбит/с) деген тетікшені басыңыз.
Материал http://www.shkola18-balkhash.kz сайтынан алынды
|